Қостанай облысындағы бір ауылда отбасының үш адамы бірдей кісі қолынан қаза тапты, олардың екеуі балалар - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысындағы бір ауылда отбасының үш адамы бірдей кісі қолынан қаза тапты, олардың екеуі балалар

Қостанай облысындағы бір ауылда отбасының үш адамы бірдей кісі қолынан қаза тапты, олардың екеуі балалар

Қостанай облысы Меңдіғара ауданы Каменск -Уральский ауылында бір отбасының үш адамы бірдей кісі қолынан қаза тапты, олардың екеуі балалар. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қостанай облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Қыркүйек 2004
  • 450
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 6-қыркүйекке қараған түні Меңдіғара аудандық ІІБ-ына телефон шалған Каменск -Уральский ауылының әкімі осындағы бір үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылғанын хабарлаған. Оқиға орнына келіп жеткен аудандық ІІБ мен прокуратура қызметкерлерінен құралған тергеушілер тобы жергілікті ЖШС-нің механизаторы, 33 жастағы жігіттің көп жерінен пышақталған мәйітін тапты. Үй ішінен 8 және 1,5 жастағы екі баланың өлі денесі табылды. Олар да бірнеше жерінен жараланған екен. 29 жастағы осы үйдің бәйбішесі ауыр жарақаттармен аудандық аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлер жағдайы төтенше ауыр деп бағалаған әйелден оқиғаның анық-қанығын сұрап білу мүмкін болмай отыр.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен еш жерде істемейтін, бұрын сотталмаған, бірақ, ішімдікке салынғаны, бұзақылығы мен жаңжалқойлығы үшін биыл әкімшілік жауапкершілікке тарылған 19 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.

Перейти к новостям спорта