Қостанай облысындағы түрмелерде тұтқындарды ұрып-соғып қинау оқиғалары қайтадан жалғасты - адам құқықтары жөніндегі бюро - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысындағы түрмелерде тұтқындарды ұрып-соғып қинау оқиғалары қайтадан жалғасты - адам құқықтары жөніндегі бюро

Қостанай облысындағы түрмелерде тұтқындарды ұрып-соғып қинау оқиғалары қайтадан жалғасты - адам құқықтары жөніндегі бюро

Қостанай облысындағы түрмелерде ҚР әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басшылығы өзгеруіне байланысты, түзету мекемелерінің әкімшілігі мен қамаудағылар арасындағы қарым-қатынас шұғыл ушығып, тұтқындарды ұрып-соғып қинау оқиғалары қайтадан жалғасты. Бұл туралы бүгін, 24-қарашада өткен баспасөз мәслихатында адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросы директорының орынбасары Жеміс Тұрмағамбетова хабарлады.

  • 25 Қараша 2003
  • 643
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Жеміс Тұрмағамбетованың хабарлауынша, Арқалықта орналасқан 161/12 санды түзету мекемесінде ұрып-соғу салдарынан Андрей Пашков есімді тұтқын қаза тапқан. Түрме басшылығының хабарлауынша, тұтқын қансырап қайтыс болған. Бұл мәлімдемені Арқалық прокуроры Мұңайтпас Китоманов та растады. Алайда, деректі бейнетаспа материалдары бойынша, тұтқынның таяқтан өлгені көрініп тұр , деп мәлімдеді Ж.Тұрмағамбетова.

Тағы да 161/12 санды түрмеде отырған бір тұтқынның ағасы Руслан Оздоевтың хабарлауынша, сондай-ақ, түрмеден босап шыққандардың бейнетаспа арқылы жамсаған мәлімдемелеріне жүгінсек, жалпы мекеме мен ҚР әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басшылығы өзгерген 2003-жылдың жазынан бері тұтқындарды ұрып-соғу оқиғалары жиілей түскен. Әйтсе де, тұтқындардың бас прокуратураға, омбудсман мен құқық қорғау мекемелеріне жолдаған арыз-шағымдары түрме аясынан шықпай қалады.
Р.Оздоевтың хабарлауынша, жағдайдың ушығуына байланысты 26-қазанда 161/12 санды түзету мекемесінде тұтқындардың бағыныштылықтан жаппай бас тарту шарасы болған. 100-ден астам адам тамақтанудан бас тартыпты. Бұған жауап ретінде түрме әкімшілігі мекеме аумағына ІІМ-нің ішкі әскерлері бөлімшесін кіргізіп, тұтқындардың біраз бөлігі тағы да соққыға жығылған. Келесі күні бұған наразылық ретінде 60-тан астам тұтқын өз-өзіне қол жұмсау әрекетін жүзеге асырған.
Ж.Тұрмағамбетованың пікірінше, қазіргі Қазақстандағы пенитенциарлық жүйе мемлекет басшылығының саяси бағыт-бағдарына сәйкес 4 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан түзету мекемелерін ізгіліктендіру жолындағы реформалардан қайтадан кері шегіне бастады. Мұндай жағдай негізінен қылмыстық атқару жүйесі комитетінің орта деңгейдегі басшылары мен облыстық басқармаларының басшылары өзгеруіне байланысты қалыптасып отыр. Соның салдарынан комитеттің халықаралық әдістемелер бойынша оқытып даярланған мамандары ауыстырылуда. Олардың орнына сотталғандарды реабилитациялауға емес, оларды жазалауға машықтанған ІІМ-нің бұрынғы қызметкерлері келіп жатыр. Ресми емес мәліметтерге сәйкес, комитеттің бұрынғы қызметкерлерінің 35 проценті өзгертілген.

Соңғы жаңалықтар