Жарияланды: 950

Қостанай облысының әкімі Қазақстан журналистері Конгрессі атқару комитетінің төрайымын немерелі болуымен құттықтады

Қазақстан журналистері Конгрессі атқару комитетінің жиналысын ашып сөз сөйлеген Қостанай облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Қазақстан журналистері Конгрессі атқару комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваны немерелі болуымен құттықтады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Осындағы бір шаруа қожалығының басшысы Темірхан Үндемесов Д.Назарбаеваны Қостанай облысы тұрғындарының атынан отбасындағы жан санының қосылуымен құттықтады. Құттықтау сыяпаты ретінде жас әжеге шебердің қолынан шыққан қобыз тарту етілді. Бұдан бұрын да хабарланғанындай, 5-қыркүйекте ҚР президентінің қызы Д.Назарбаеваның үлкен ұлы Нұрәли мен оның жұбайы Аида Лаура есімді қызды болғаны белгілі . 2003-жылдың шілдесінде 63 жасқа толған Қазақстан президентінің үш қызы, үш немересі, бір немере қызы болса, енді міне Лаура есімді шөбере сүйіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін