Қостанай облысының әкімі сервистік орталықтары жоқ ауыл шаруашылық техникасын импорттаушылардың жұмысын шектеуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысының әкімі сервистік орталықтары жоқ ауыл шаруашылық техникасын импорттаушылардың жұмысын шектеуді ұсынды

Қостанай облысының әкімі сервистік орталықтары жоқ ауыл шаруашылық техникасын импорттаушылардың жұмысын шектеуді ұсынды

Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин сервистік орталықтары жоқ ауыл шаруашылық техникасын импорттаушылардың жұмысын шектеуді ұсынды.

  • 9 Маусым 2011
  • 494
Фото - Caravan.kz

«Біздің еліміздің аумағында заманауи шетелдік ауыл шаруашылық техникасын сататын фирмалардың сервистік орталықтары болуға тиіс. Олай болмаған жағдайда, оларға техника сатуға рұқсат бермеу керек», — деді С. Кулагин сәрсенбі күні АӨК-ті техникалық жарақтау және сервистік орталықтардың жұмысы мәселелеріне арналған кеңесте.

Аймақ басшысы «осыдан 6-7 жыл бұрын Қазақстанның ауыл шаруашылық техникасының нарығына кіру шарттарының бірі жақсы сервистік орталықтар құру болатынын» және ондай орталықтардың табысты жұмыс істегенін атап өтті. Алайда бүгінгі күні сервистің деңгейі ауыл тұрғындарының көңілдерінен шықпай отыр.

«Егер егін егу науқаны барысында техника сынып қалса, оған қажет қосалқы бөлшектерді бір ай, кейде одан да көп күтуге тура келеді. Сынып қалған кешенді басқасымен ауыстыру мүмкіндігі болса жақсы ғой, ал егер ондай мүмкіндік болмаса, диқан егін егу науқанын мерзімінде аяқталмау қалады ғой. Сервистік орталықтар толық қуатымен жұмыс істемесе, 5-6 жылдан кейін шетелдік техниканы пайдалануды тоқтатамыз», — деп есептейді С. Кулагин.

«Раскүл» ЖШС атқарушы директоры Александр Максимовтың айтуынша, диқандар бірқатар проблемаларға тап болады: тапсырыс берілген бөлшектерді ұзақ уақыт бойы күту, Қостанайдағы қоймаларда қосалқы бөлшектердің аздығы, сапасының төмендігі, сервистік орталықтардағы мамандардың біліктілік деңгейінің төмендігі.

«Тағы айта кететін жайт – кепілдік мерзімі болғанда дилерлер шақыруларға тез келеді, ал кепілдік мерзім бітісімен, сервистік орталықтардың өкілдерін бірнеше күн күтуге тура келеді», — деді А. Максимов.

«Техникалық паркті жаңарту мәселесі біртіндеп шешіліп жатыр. Соңғы 7 жылда аграрийлер 87 млрд теңгенің техникасын сатып алған. Облыста 15 дилерлік орталық бар, бірақ ауыл шаруашылық техникасына сәйкес қызмет көрсету үшін ірі сервистік орталықтар, қосалқы бөлшектердің ірі қоймаларын құрып, оларда жоғары білікті мамандар жұмыс істеу керек. Орталықтардың қызмет көрсету сапасын көтеріп, ұтқырлығы мен оперативтілігін арттыру қажет», — деп мәлім етті әкімдіктің ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Амантай Балғарин.

Соңғы жаңалықтар