Қостанай облысының бір тұрғыны қорғанамын деп екі адамды жарақаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысының бір тұрғыны қорғанамын деп екі адамды жарақаттады

Қостанай облысының бір тұрғыны қорғанамын деп екі адамды жарақаттады

Қарасу ауданы Октябрь ауылында тұратын бір жас жігіт мас күйіндегі ауылдастырының шабуылынан қорғанамын деп мылтықтан екі адамды жарақаттады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Тамыз 2004
  • 389
Фото - Caravan.kz

Тергеу алдындағы тексеру материалдарына жүгінсек, ауылдың екі мас тұрғыны жігітке дүрсе қоя беріп, оны соққыға жыққан. Шабуылшыларды тойтару үшін жігіт аңшы мылтығын бас салып, бір оқты ескерту үшін аспанға қаратып атса, соңынан әлгі екеуіне қаратып тағы да оқ атқан.

Жарақаттанған екі еркек Октябрь ауылдық ауруханасына жатқызылды. Қазір олар Қостанай облыстық ауруханасының жарақат бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалауда.
Облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, оқ атқан адамның үстінен қорғаныс шарасын шектен шығарып жібергені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта