Қостанай облысының диқандары 2013 жылға тұқымдық бидай жетпейді деп мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысының диқандары 2013 жылға тұқымдық бидай жетпейді деп мәлімдеді

Қостанай облысының диқандары 2013 жылға тұқымдық бидай жетпейді деп мәлімдеді

Қостанай облысының диқандары 2013 жылғы егіс науқанына қажетті тұқымдық бидай тапшылығына ұрынды.

  • 29 Қараша 2012
  • 454
Фото - Caravan.kz

«Шаруаларға 53 мың тонна тұқымдық бидай жетпей жатыр. Бұл цифр бұдан әлдеқайда жоғары болатын. Қазір шаруашылықтар бір-бірімен келісіп, тығырықтан шығу жолдарын іздестіріп жатыр. Көктемгі егіс науқанын өткізу үшін 578 мың тонна тұқым қажет», — деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстың Ауыл шаруашылық басқармасының аға маманы Нина Бердникова хабарлады.

Оның айтуынша, тұқымдық бидай тапшылығына биылғы егістің нашарлығы ықпал еткен.
«Астық аз жиналды. Бункерлік салмақпен 2 млн 800 мың тонна астық жинап алдық. Нақты қанша астық алынғанын әлі есептеп жатыр. Егістіктің 1 гектарынан 6,9 центнер ғана өнім алынды», — деп түсіндірді ол.
Сөз соңында Н.Бердникова жергілікті билік диқандармен бірге мәселені шешу жолдарын қарастырып жатыр деп қорытты.