Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Қарасу ауданы Железнодорожный ауылының 30 жастағы тұрғынына пышақ жарақатын салу дерегі бойынша аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тіркелген соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Алдын ала тергеу барысында 46 жастағы жергілікті тұрғынның мас күйінде бұрын баласын ұрып-соққан жәбірленушіге пышақ жарақатын салғаны анықталды. Ер адам Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сараптама тағайындалды.