Қостанай облысының тұрғыны дәретханада туып, шақалақты шелекке салып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысының тұрғыны дәретханада туып, шақалақты шелекке салып кеткен

Қостанай облысының тұрғыны дәретханада туып, шақалақты шелекке салып кеткен

Қостанай облысының тұрғыны Затобол ауруханасында туып, жаңа туған сәбиді дәретхананың ішіндегі шелекке тастап кеткен.

  • 13 Тамыз 2018
  • 31
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы "Алау.кз". порталына сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады. 

27 жастағы әйелді ауруханаға іш ауруы симптомымен жеткізген. Қабылдау бөлмесінде одан анализ тапсыру сұралған. Ол дәретханаға барып келген соң, дәрігерлер күмәнданып артынан барып, сәбиді шелектің ішіне тастап кеткенін көрген. "Ол әйел жүкті екенін жасырды. Дәртеханаға барып, өзі туған. Жаңадан туған сәбиін шелекке лақтырып кетті. Дәрігерлердің дереу дабыл соққанының арқасында баланы аман алып қалдық. Оған жедел түрде барлық көмек түрі көрсетілді. Оның өміріне еш қауіп жоқ. 7 тамыз күні бала мен анасы Қостанай облыстық ауруханасына тапсырылды", — дейді Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері Юрий Моисеев. Жаңа туған баланы қалдырып кету дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
 

Соңғы жаңалықтар