Қостанай: өзінің құрдасын өлтіріп қойған 17 жасар жасөспірім ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай: өзінің құрдасын өлтіріп қойған 17 жасар жасөспірім ұсталды

Қостанай: өзінің құрдасын өлтіріп қойған 17 жасар жасөспірім ұсталды

Қостанай полицейлері өзінің құрдасын ұрып өлтіріп қойған 17 жасар жасөспірімді ұстады, деп облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Маусым 2011
  • 435
Фото - Caravan.kz

«15-ші маусымда қалалық ауруханаға денесінде жарақаттары бар 17 жасар жасөспірім жеткізілгенді. Ол есіне келмей жан тапсырды. Дәрігерлер оның бетінде көптеген көгерген жерлері барлығын және бас сүйегінің жарылғанын анықтаған», — деді ІІД мамандары.

Қалалық полицияға осы оқиғаға қатысты деген жасөспірімдердің барлығы әкелінді. Тергеу амалдары барысында олардың біреуі полициядан жасырынып үлгеріпті.

Сол күні полицейлер іздестіру жұмыстары барысында 17 жасар жасөспірімді қолға түсірді.

Қалалық ІІД бастығы Есенгелді Нұржановтың айтуынша, студенттер саяжайда спирттік ішімдік ішіп отырып, керісіп қалған. «Күдіктіні іздестіруге екі сағаттай уақыт кетті. Жасырынып үлгерген жасөспірім бір үйдің шатырында жасырынып жүрген», — деді Е. Нұржанов.

Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 103-ші бабы — «адам денсаулығына өлімге соқтырарлық зиян келтіру» — бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар