Қостанай полицейлері 700 грамм есірткі тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай полицейлері 700 грамм есірткі тәркіледі

Қостанай полицейлері 700 грамм есірткі тәркіледі

«Арна-Батыс» жедел-алдын алу шарасының үш күнінде (бірінші сатысы 7-10 маусым аралығында өткізілді) қостанайлық полицейлер шамамен 700 грамм есірткі заттарын тәркіледі.

  • 15 Маусым 2011
  • 391
Фото - Caravan.kz

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Лисаковск қаласында есірткі сатумен айналысқан отбасылық жұп құрықталды. Ал Қостанайда таксиде кетіп бара жатқан 46 жастағы азаматша ұсталды. Жеке тінту кезіне одан қалтаға салынған 500 грамм марихуана тәркіленді. Рудный қаласында көшеде 36 жастағы жергілікті тұрғыннан есірткі заты салынған шағын қалташа табылды. Ал оның үйіне жасалған тінту барысында 4,52 грамм героин табылды. Ұсталған азамат тұтқынға алынды.

Барлығы соңғы күндер ішінде Қостанай облысының аумағында 8 есірткі қылмысы тіркелді, оның ішінде алтауы есірткіні сатуға қатысты. ІІД баспасөз қызметі нақтылағандай, қызметтік итті пайдалану арқылы екі есірткі қылмысы анықталды.

Соңғы жаңалықтар