Бұл туралы видео әлуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Видеодан кимешек киген әжелерді әлдебіреудің шығарып жатқанын байқауға болды.
"Қостанай қаласы. «Март» сауда орталығының әкімшілігі ұлттық киім киген адамдарды ғимараттан шығарды. Патриотизмнің ең жоғары деңгейі осындай. Сауда орталығының әкімшілігінен тезірек түсініктеме күтеміз. Не болғанын түсінбей, үкім шығаруға болмайды",- деп жазды автор.
Бұл жағдай көпшіліктің ашу-ызасын туғызды. "Қазағы аз Қостанайда қазақты басыну ма, әлде ұлттық мемлекет екенімізді мойындамау ма" , "Бұл не сұмдық, қазақша сөйлеуге болмаса, қазақша киіммен жүруден қалсақ не үшін ел болып отырмыз", "Шектен шықты ғой мыналар, түбі жақсы болмайды", деп жазды оқырмандар.