Жарияланды: 30

Қостанай қаласының әкімі коронавирус жұқтырды

Қостанай қаласының әкімі коронавирус жұқтырды

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов коронавирус жұқтырды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қайрат Ахметов коронавирусты анықтау арналған тест нәтижесі оң болғанын, сондықтан оқшауланатынын айтты. Алайда қала басшысы жұмысын қашықтан істейтінін хабарлады. 

"Осыған орай, қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз - шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, өз отбасымызды қауіп-қатерден қорғау. Мұндай қиын жағдайда өз денсаулығын қорғауға саналы түрде қарау керек. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!", - деді Қайрат Ахметов. 

Еске салайық, бұған дейін 24 маусымда Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын. Ал 7 шілдеде облыс әкімі аурудан айыққанын хабарлады.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін