Қостанай қаласының прокуроры санитарлық қызметтерді тұрғындардың денсаулығына қатер төндіретін деректерді жасырды деп айыптады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай қаласының прокуроры санитарлық қызметтерді тұрғындардың денсаулығына қатер төндіретін деректерді жасырды деп айыптады

Қостанай қаласының прокуроры санитарлық қызметтерді тұрғындардың денсаулығына қатер төндіретін деректерді жасырды деп айыптады

Табиғат қорғаушы және санитарлық-эпидемилогиялық қызметтер мен төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма соңғы бірнеше жыл бойы Қостанай тұрғындарына радиациялық және сынаптан улану қаупін төндіріп келген деректерді жасырған. Бұл туралы осында өткен баспасөз мәслихатында Қостанай қаласының прокуроры Сабыржан Бұлтаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Маусым 2005
  • 842
Фото - Caravan.kz

С.Бұлтаевтың айтуынша, Қостанай қалалық прокуратурасы «Қостанай тоқыма компаниясы» ЖШС тексерді. Тексеру нәтижесінде радиоактивті материалдарды сақтау тәртіптерінің бұзылу дерегінің беті ашылды.

Мәселен, ЖШС ғимараттарында бір кезде тоқыма станоктарында пайдаланылған радиоизотопты аспаптардың 6 жыл бойы сақталып келгені анықталды. Олардың құрамында иондаушы сәуленің 3732 көзі бар. Сонымен бірге ЖШС мекен-жайында жұмысқа жарамсыз боп қалған сынапты лампалар болып шықты.
Прокурордың айтуынша, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес радиоактивті қалдықтар алты айдың ішінде «Байкал-1» қоймасында көмілуге тиіс болған. Алайда, банкроттыққа ұшыраған «КОТЕКС» АҚ-ның жабдықтары Қостанай тоқыма компаниясының иелігіне берілген 1999-жылдан бері 347 дана радиоизотопты аспаптар мен 300 мың лампа кәсіпорын қоймаларында сақталып келген.
Уақытша қойма мен сол маңдағы ғимараттарда жүргізілген тексеру өлшемдер «гамма сәулелердің доза қуаты шектелі шамадан артпайтынын көрсетті». Дейтұрғанмен, мұндай аспаптарды сақтауға болмайды. Өйткені, олар уақыт өткен сайын бүлініп, тұрғындар денсаулығына қатер төндіре бастайды.
Бақылаушы ұйымдар осы жылдар бойы бұл жайттан хабардар болған, деді С.Бұлтаев. «Олар кәсіпорын басшылығы үшін ескеру берумен ғана шектеліп келген, бірақ орындалмаған. Сөйте тұра, табиғат қорғау органдары да, санитарлық дәрігерлер де прокуратураға жүгінбеген. Соның салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген»,- деді прокурор.
Қостанай қалалық прокуратурасы «Қостанай тоқыма компаниясы» ЖШС мен «КОТЕКС» АҚ-ның бұрынғы директоры Николай Зайцевке қатысты процедуралық шешім қабылдамақшы.
Алдын-ала есеп бойынша сынапты лампаларды демеркуризациялау мен радиоактивті сәуле көздерін көмуге 40 млн. теңге қажет.

Перейти к новостям спорта