Қостанай театры астаналық балдырғандарды қуантқалы отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай театры астаналық балдырғандарды қуантқалы отыр

Қостанай театры астаналық балдырғандарды қуантқалы отыр

28 қыркүйек күні Қостанай облыстық орыс драма және қуыршақ театры астаналық көрермендерге өз қойылымын ұсынады.

  • 27 Қыркүйек 2011
  • 593
Фото - Caravan.kz

Қостанайлық өнер ұжымы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының сахнасында Ян Вильковскийдің «Рим-тим-ти қонжықтың бастан кешкен оқиғалары» атты қойылым көрсетеді.

Бұл шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы шеңберінде, Қостанай облысының Астанадағы күндері аясында өтеді. Елордалық кішкентай көрермендерге сыйлық ретінде бұл қойылым тегін көрсетіледі.

Сонымен қатар Қостанай облыстық орыс драма және қуыршақ театры аталған туындыны сол күні түстен кейін Астана қаласындағы жетім балалар үйінде тәрбиеленушілерге де барып көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Қостанай облыстық орыс драма және қуыршақ театры директорының орынбасары Қанифа Абғалимова мәлімет берді.

Қойылымның қоюшы режиссері Геннадий Иванов.

Перейти к новостям спорта