Қостанай тұрғынының пәтерінен 1 млн. теңге және 160 мың доллар ұрланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай тұрғынының пәтерінен 1 млн. теңге және 160 мың доллар ұрланды

Қостанай тұрғынының пәтерінен 1 млн. теңге және 160 мың доллар ұрланды

Кеше, 19-қазанда Қостанайда соңғы 10 жылдағы ең ірі пәтер тонау оқиғасы болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қостанай облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Қазан 2003
  • 438
Фото - Caravan.kz

Қостанай қаласының бір тұрғыны үйінен 1 млн. теңге және 160 мың доллар ұрланғандығы туралы полицияға шағым түсірген. Астық саудасымен айналысатын ол мұндай үлкен көлемдегі ақшаның үйде сақталу себебін өз жұмысына байланыстырып түсіндірді.

Зардап шегушінің айтуынша, ақша клиенттермен есеп айырысу мақсатымен жиналған екен. Үйіне оралған әлгі адам өзі тұратын пәтердің есігі жартылай жабулы тұрғанын көреді. Ақшадан айрылғанын бірден байқаған ол полицияның көмегіне жүгінеді.
Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл қылмыстың бетін ашу үшін басқарманың ең тәжірибелі қызметкерлерінен құралған жедел-іздестіру тобы құрылды. Алайда, полицейлер мұндай үлкен көлемдегі қаржымен жұмыс істей тұра өз үйінің қауіпсіздігіне мән бермеген кәсіпкердің қылығына түсіне алмай отыр. Атап айтсақ, пәтерде қарапайым дабыл жүйесі де орнатылмапты.

Соңғы жаңалықтар