13 шілде күні Қостанай қаласының теміржол вокзалында 24 жастағы бойжеткен көліктегі полиция қызметкерлерінің көзіне түседі. Полиция қызметкерлері «Кендір-2011» алдын алу шарасының аясында қызды тексереді. Тексеру қорытындысында қаланың жұмыс істемейтін азаматшасынан 1,25 грамм салмақтағы ақ ұнтақ зат тәркіленеді. Сот-химиялық сараптама табылған заттың героин екенін дәлелдеді.