Caravan Logo

Қостанайда 1 желтоқсаннан бастап су мен кәріз жүйесінің тарифтері көтеріледі

Қостанайда 1 желтоқсаннан бастап су мен кәріз жүйесінің тарифтері көтеріледі

"Біз су тарифін 32%, кәріз жүйесінің тарифтерін - 36% ұлғайтуды сұраған едік, алайда ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқармасы су тарифін 17,6% және кәріз жүйесінің тарифін 13,9% көлемінде белгілеу негізді деген шешім шығарды", -деді "Қостанай Су" ҚКК директоры Игорь Киселев.

"Сөйтіп, 1 желтоқсаннан бастап 1 текше метр суық су құны 30 теңге 51 тиын, 1 текше метр кәріз жүйесі - 25 теңге 99 тиын болмақ", -деді И. Киселев.