Қостанайда 13 жасар ұлды жауыздықпен өлтірген күдіктілер ретінде үш жасөспірім құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда 13 жасар ұлды жауыздықпен өлтірген күдіктілер ретінде үш жасөспірім құрықталды

Қостанайда 13 жасар ұлды жауыздықпен өлтірген күдіктілер ретінде үш жасөспірім құрықталды

ҚОСТАНАЙ. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Қостанайлық тәртіп сақшылары 13 жасар ұлды жауыздықпен өлтірген күдіктілер ретінде үш жасөспірімді құрықтады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 30 Мамыр 2007
  • 368
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өлтірілген ұлдың ата-анасы жеке кәсіпкерлікпен шұғылданған. «Таңертең жұмысқа кетіп, кешке сағат 18 шамасында үйге оралған әйел үйінің іші астаң-кестеңі шығып, қанға боялған ұлының төсекте жатқанын көрген»,- дейді баспасөз қызметіндегілер. Тергеу барысында белгілі болғанындай, жасөспірімді кеуде тұсынан асхана пышағымен жарақаттап өлтірген. Пәтерден 5 млн теңгеден астам ақша жоғалды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, сарапшылар баланы бірнеше кісі өлтірген деген тұжырымға келген. Көршілердің жауаптары мен табылған айғақзаттардың көмегімен бұл қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде кәмелеттік жасқа жетпеген үш жасөспірім ұсталды. «Олардың екеуі қаза тапқан бала оқыған мектепте 9 сыныпта оқыған. Үшіншісі — №2 мектепте оқитын 15 жастағы оқушы. Ал күдіктілердің ішіндегі ең ересегі — 19 жастағы техникум оқушысы ақшаның қалған бөлігін алып ізін жасырған»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, кісі өлтіруге пайдакүнемдік себеп болған. Ұсталғандардың айтуынша, олар қылмысты алдын-ала жоспармен қасақана жасаған.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің «кісі өлтіру» жөніндегі 96-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі жасөспірім тұтқындалып, үшіншісі ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті