Қостанайда 40 жастағы ер адам көпірден құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда 40 жастағы ер адам көпірден құлады

Қостанайда 40 жастағы ер адам көпірден құлады

Бейсенбі күні Қостанайда Үлкен көпірден 40 жастағы ер адам құлап, қаза тапты, деп забарлады  kstnews.kz.

  • 13 Қараша 2015
  • 576
Фото - Caravan.kz

ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, қайғылы оқиға таңертең орын алды. Жұмысшылардың сөзіне қарағанда, ер адам «Рязанов. А. атындағы №25 көпір салу жасағы» ЖШС жұмысшылары көпірді жөндеу үшін тұрғызған (көтерген) құм үйіндісіне құлады.

Ажал құшқан адам таңертең ерте көпірге қалай келгені, ішімдік ішкені не сау болғаны анықталып жатыр. Көпірден құлағанда алған жарақаттары  салдарынан оқиға орнында көз жұмғаны белгілі. Оның мәйітін таңертең жұмысына келген жұмысшылар тапты.  Сондай-ақ, қаза тапқан адам Қостанай-2-де тұрғаны белгілі.

Қазіргі уақытта ТЖД қызметкерлері мен тәртіп сақшылары адам өлімінің себептері мен жағдайларын анықтап жатыр. 


Соңғы жаңалықтар