Қостанайда әкімдіктің жанынан жұмыспен қамту орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда әкімдіктің жанынан жұмыспен қамту орталығы ашылды

Қостанайда әкімдіктің жанынан жұмыспен қамту орталығы ашылды

Қостанайда дүйсенбі күні әкімдіктің жанынан «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (МКМ) ашылды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

  • 5 Шiлде 2011
  • 563
Фото - Caravan.kz

«Бұл мекеме «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін арнайы құрылды. Біз жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырамыз, яғни жалақының 50% жұмыс беруші, қалған 50% мемлекет төлейтін болады. Кәсіпорындармен сәйкес келісімдерге қол қойылды», — деп мәлім етті МКМ директоры Гүлнәр Тлеоф.

Орталық басшысының айтуынша, бос жұмыс орны табылмайтын қостанайлықтар қайта даярлықтан өту курстарына тегін қатыса алады.

«Биылғы жылдың шілде айына әлеуметтік жұмыс орындары жобасын жүзеге асыруға 2 млн 106 мың теңге бөлінді», — деп нақтылады ол.

Соңғы жаңалықтар