Қостанайда Алматылық алаяқ сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда Алматылық алаяқ сотталды

Қостанайда Алматылық алаяқ сотталды

Қостанай қалалық сотында 35 жастағы Алматы қаласы тұрғынының үстінен қозғалған алаяқтық жөніндегі қылмыстық іс бойынша сот мәжілісі аяқталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2003
  • 424
Фото - Caravan.kz

Осындай қылмысы үшін бұрындары тағы да сотталған Алматылық ақша айырбастау орындарының қызметіне жүгінген азаматтарды алдауды кәсіпке айналдырған. Өзінің қылмысты әрекетінің болашақ құрбандары ретінде ол қартаң жастағы әйелдерді таңдаған. Айырбас бөлімшесінің жанында оларға таяп келген жігіт шетелдік валютаны жоғары бағамен ауыстыру жөнінде ұсыныс жасайтын көрінеді. Сөйтіп, ақшаны алдап алған әлгі жасырын жолдармен оқиға орнына табан жалтыратып отырған. Осындай жолмен ол қысқа мерзімде адамдардың 1500 АҚШ долларын жымқырып кетсе керек.

Қостанай қалалық соты алаяққа дүние-мүлкін тәркілеп, 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім кесті.

Соңғы жаңалықтар