KZ-today тілшісіне жол полициясынан хабарлауынша, қораптың күтпеген жерден көтеріліп кеткенін айтқан КРАЗ жүргізушісі ақаудың шығу себебін түсіндіре алмаған.
Апат салдарынан 120 үй көгілдір отынсыз, 40 үй электр жарығынсыз қалды.
Сондай-ақ, бұл ауданда телефон байланысы үзілген.
Апат болған жерге келген Қостанай қалалық электр желілері компаниясының аға монтеры Анатолий Юровтың айтуынша, ауданға электр жарығы бүгін кешке дейін беріледі. Ал көгілдір отын құбырын жөндеу жұмыстары алдағы жұмаға дейін жалғаспақ.