Қостанайда автобус жүргізушісі жолақы төлей алмаған 13 жастағы қызды қала шетіне апарып тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда автобус жүргізушісі жолақы төлей алмаған 13 жастағы қызды қала шетіне апарып тастаған

Қостанайда автобус жүргізушісі жолақы төлей алмаған 13 жастағы қызды қала шетіне апарып тастаған

Қостанай тұрғыны Жанна Богатырева қызы қоғамдық көлікте тап болған оқиғасын айтып берді.

  • 6 Мамыр 2022
  • 192
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"№19 бағыт жүргізушісінің дөрекілік танытқаны туралы оқиғаны баяндайын. Қызымның төлем картасы жұмыс істемей қалған. Ол оған айғайлап, артынша кәмелетке толмаған баланы қала сыртына, соңғы аялдамаға дейін алып кеткен. Сол жақта қалдырып кеткен. Ол жақтан қызым жаяу келіпті. Оның жанында тұрған бір қыз жолақысын төлеп берген. Бірақ ол оны тіпті елемей қойған. Көмектескен қыз оған телефон арқылы аударуды ұсыныпты, бірақ ол елемей, қызымды жылыжайға алып кеткен. Менің қызым 13 жаста. Ал егер бірдеңеге ұрынса не болар еді? Аман-есен оралғанына құдайға шүкір", — деп жанайқайын айтты қыздың анасы.

"ТуристТрансСервис" ЖШС басылым тілшісіне мұндай оқиға болғанын растапты.


"Тексеріс жүргізілді, жүргізуші қатаң жазаланды", — деп қысқа қайырыпты компаниядағылар.