Қостанайда бал арасын өсіретін зауыт салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда бал арасын өсіретін зауыт салынады

Қостанайда бал арасын өсіретін зауыт салынады

Қостанай облысында бал арасын өсіретін зауыт ашылады.

  • 5 Тамыз 2019
  • 23
Фото - Caravan.kz

Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибе стансасының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен алқап күнінде Қазақстанның омарташылар одағы өңірде бал арасын өсіретін зауыт салу ұсынысын білдірді. Бұл ұсынысты облыс басшылығы қолдап отыр. Жұмысты одан әрі Қазақстанның омарташылар одағы дамытады. Аталмыш одақ субсидиялауға көмек көрсетіп қана қоймай, асыл тұқымды бал арасын өсіретін ірі зауыттың құрылысына да қолғабыс етпек. Шаруашылық қарақұмық өнімін 60-65%, күнбағысты 40-45% ұлғайтуды көздейді.

«Биыл Қарабалықта омарта шаруашылығы қолға алынды. Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибе стансасы осы уақытқа дейін көптеген табыстарға жетті. Еліміздің астық өндірісінде бұл ғылыми-тәжірибелік орталықтың қосқан үлесі орасан зор. Бүгінде Қарабалық ғылыми-тәжірибелік стансасының ғалымдары бидайдың, арпаның, басқа да дәнді және майлы дақылдардың, көпжылдық шөптердің 150 сортын шығарды. Бұл еліміздің астық индустриясына қосылған үлкен үлес деп білемін», – деп атап өтті облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын Елбасының қолдауымен 2017-2021 жылдары агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жандандырылған еді. Бұл, Қарабалық тәжірибе стансасы сияқты іргелі шаруашылықтарды жұмысын одан әрі дамыта түсуге таптыртпас мүмкіндік.


Соңғы жаңалықтар