«Наша газета» хабарлағандай, оқиға таңғы сағат 07:30-да болған.
«1979 жылы туған жүргізуші автопарктен шыққан соң, жолда көлікте ақаулық бар екенін байқаған, — деді Қостанай облыстық ІІД ӘПБ ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Юрий Панасенко. — Ол тоқтап, моторды тексеруге шыққан. Қозғалтқыш істен шығарылмағандықтан (сөнбегендіктен), автобус орнынан қозғалып кеткен. Автобус қарсы жолаққа шығып кетіп, Абай даңғылы бойында орналасқан №316 үйдің маңындағы жаяу жүргіншілер жолында жүріп бара жатқан әйелді қағып кетті. Кейін бағанаға соғылып, бір ағашты құлатып, екіншісіне соғылды».
Мұны көрген жақын маңдағы жөндеу шеберханасының қызметкерлері «103» нөміріне хабарласты. Жапа шегуші түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.