Қостанайда бір әйел лифт шахтасына құлап қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда бір әйел лифт шахтасына құлап қаза тапты

Қостанайда бір әйел лифт шахтасына құлап қаза тапты

Қостанайдағы бір көп қабатты үйде 28 жастағы әйел лифт шахтасына құлап қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Шiлде 2005
  • 431
Фото - Caravan.kz

Қаза тапқан әйелдің мәйіті 18-шілде күні лифт шахтасының түбінен табылды. Тәртіп сақшылары осы үйдегі бір пәтерді бес адамның бір тәулікке жалдап алғанын анықтады. Пәтерден шығып кеткен бір қыз қайтадан оралмаған.

Баспасөз қызметінің нақтылауынша, қыз 6-қабаттан лифтімен түспек болғанға ұқсайды. Лифт істемей тұрған. Бірақ оның ашылмалы-жабылмалы есігі жүріп жүрген. Қыз лифтіне кірдім деп ойлап, шахтаға аттап кеткенге ұқсайды.
Қазір полиция бұл оқиғаны тексеріп жатыр.

Перейти к новостям спорта