Қостанайда бір апта ыстық су мен жылу болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда бір апта ыстық су мен жылу болмайды

Қостанайда бір апта ыстық су мен жылу болмайды

12-17 қазан аралығында Қостанайда ыстық су мен жылу болмайды. Бұл туралы Қостанай жылу энергетикалық компаниясынан мәлім етті.

  • 10 Қазан 2021
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Құрметті қала тұрғындары, Қостанай қалалық әкімдігінің «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МҚК «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай бөлімшесінің 07.10.2021 жылғы хатына сәйкес, «Қарталы-Рудный» магистральді газ өткізу құбырында 2021 жылдың 12-17 қазаны аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында газ толықтай өшіріледі. Газдың болмауына байланысты барлық жылу көздері де тоқтайды. Ыстық су мен жылу газ қазандықтары қайта жұмыс істегеннен кейін беріледі», — деді телекомпаниядан.

Басқа өзгерістер қосымша хабарланады.