Қостанайда бір үй жартылай құлау салдарынан 8 отбасы баспанасыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда бір үй жартылай  құлау салдарынан 8 отбасы баспанасыз қалды

Қостанайда бір үй жартылай құлау салдарынан 8 отбасы баспанасыз қалды

Қостанайда бір үй жартылай құлау салдарынан 8 отбасы баспанасыз қалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2004
  • 430
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға 21-тамыз, сенбіде болған. Екі қабатты 16 пәтерлі үйдің бірінші қабатындағы пәтерлердің едені түсіп кеткен. Үйдің екі подьезінің бірінің тұрғындары басқа жаққа көшіріліп, пәтерлердің есігіне құлып салынып, тұрғындар Бейімдеу орталығына орналастарылған. Алайда, қолхат жазып берген бір отбасы өз пәтерінен кетуден үзілді-кесілді бас тартқан.

Пәтер иелері кооперативтерінің төрағасы Владимир Грознецкийдің айтуынша, бұл үй тіпті осыдан үш жыл бұрын апатты жағдайда деп танылған, алайда, содан бері оны құлату немесе жөндеу жөнінде ешбір әрекет жасалған жоқ. Сөйтіп, тұрғындар далада қалғаннан кейін ғана арнаулы сарапшылық комиссия құрылып отыр. Енді не істеу керек екені төңірегінде комиссия таяу күндері шешім шығармақ.
Қостанай қалалық әкімшілігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі бөлім бастығы Валерий Солодовтың айтуынша, қазір үйдің көтерме конструкцияларының беріктігін анықтау үшін құрылыс материалдары сынамаға алынды. Сондай-ақ, аталмыш нысанды техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен нысан деп тану туралы қалалық әкімшіліктің қаулысының жобасы әзірленді. Жобалаушы ұйымнан тиісті құжаттар алынғаннан кейін үйді қалпына келтіру жұмыстары басталады. Ал егер бұл ұйым үйді қалпына келтіру мүмкін емес деп тапса, ол бұзылады, деді В.Солодов.

Перейти к новостям спорта