Қостанайда Бүкілхалықтық Кәсіподақтары Конфедерациясының көшпелі отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда Бүкілхалықтық Кәсіподақтары Конфедерациясының көшпелі отырысы өтеді

Қостанайда Бүкілхалықтық Кәсіподақтары Конфедерациясының көшпелі отырысы өтеді

1-шілдеде Қостанайда Бүкілхалықтық Кәсіподақтары Конфедерациясы атқару комитетінің көшпелі отырысы өтеді . Бұл туралы ҚР кәсіподақтары Федерациясының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 30 Маусым 2003
  • 603
Фото - Caravan.kz

Атқару комитеті көшпелі отырыста Қазақстан кәсіподақтары Федерациясының ҚР парламентімен ықпалдастық тәжірибесі және экономика салалары, аймақтық және тарифтік келісімдер мен ұжымдық келісім шарттарына қол қою саласындағы әлеуметтік серіктестікті жолға қою мәселелерін басты тақырып ретінде талқыға салмақ. Қазақстандық бұл тәжірибе Дүниежүзілік еңбек ұйымының мақтауына ие болды. Сондай-ақ, баспасөз қызметінің хабарламасына жүгінсек, бүгін, 30-маусымда Қостанайда қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқығын қамтамасыз етудегі кәсіподақ ұйымдарының ролін арттыру , кәсіподақ қозғалыстарын өзара топтастыру мәселесіне арналған отырыс өтеді .

Бүкілхалықтық Кәсіподақтары Конфедерациясы атқару комитетінің көшпелі отырыстары соңғы уақытта Украина, Беларусь және Қырғызстанда өтті.
Бүкілхалықтық Кәсіподақтары Конфедерациясы атқару комитетінің құрамына ТМД елдерінің басым бөлігінің Ұлттық кәсіподақ Ұйымдарының басшылары мен мемлекетаралық ірі салалық кәсіподақ бірлестіктерінің жетекшілері қамтылады.

Соңғы жаңалықтар