Полицияның хабарлауы бойынша, арнайы жедел-тергеу тобы жедел-іздестіру шаралары кешенін өткізіп, жоғары санаттағы сот-психиатриялық сарапшы Рашида Сандыбаеваны өлтіру себептері мен механизмін анықтады. Үш күдікті ұсталып, ісін мойындайтын куәлік беріп отыр. "Қазір қылмыстық топтың өзге мүшелеріне айып тағып, тұтқындау мақсатында дәлелдерді қуаттау үшін тергеу жүріп жатыр" — деп нақтылады полицейлер. Еске салайық, Рашида Сандыбаева 20 ақпанда өз пәтерінен өлі табылған. Оған 30 жерден пышақ салғаны хабарланған болатын. Кейін оқиғаның мән-жайы анықталған болатын.