Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы 13 шілде күні сағат 18:00-дер шамасында Қостанай қаласында болған. «Ақ түсті «Джип» автокөлігі Рудненский-Ленинградский көшелерінің қилысындағы жаяу жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан 16,13 және 11 жасар қыздарды соғып кеткен. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан ізін жасырған. Полицейлер күдіктіге іздеу салды», — деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. Қыздардың екеуі түрлі дене жарақаттарын алды. Ал үшіншісі ауруханада жатыр.