Ендігі жерде электр қуатының құны 5 процентке қымбаттап, 1 кВт/сағатына 5,1 теңгені құрайтын болды. «Қостанай энергожелілік компаниясы» ҚКК бас директорының орынбасары Вячеслав Жалыбиннің журналистерге хабарлауынша, бағаның қымбаттауы электр қуатымен қамтамасыз етуші бас кәсіпорынның өз өнімін босату құнын арттыруымен тікелей байланысты. Сондай-ақ, В.Жалыбиннің сөзіне сенсек, «Қостанай энергожелілік компаниясы» ҚКК шығынды кәсіпорынға саналады. 2003-жылдың алғашқы жартысында энергетиктер 100 млн. теңгенің шығынына ұшыраған. Тұрғындардың тұтынған электр қуаты үшін берешегі біршама азайып, 40 млн. теңгеге жеткен. Бірақ бұл да үлкен берешек дейді В.Жалыбин.