Қостанайда героиннің ірі мөлшері тәркіленді
Қостанайда ірі мөлшерде героинмен бір әйел ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Есірткі сатушы қала орталығында сейсенбіге қараған түні ұсталған. Ол 1 кг 428 г героинді полиэтилен пакетке салып алған. Әулиекөл ауданында тұратын әйел героинді сатуды көздеген Ол уақытша қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қаралуда. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін