Қостанайда мемлекеттік бағдарламамен сапасыз салынған үй тұрғындары наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда мемлекеттік бағдарламамен сапасыз салынған үй тұрғындары наразылық білдірді

Қостанайда мемлекеттік бағдарламамен сапасыз салынған үй тұрғындары наразылық білдірді

«Қолжетімді баспана» бағдарламасымен жаңа үйге қоныстанған қостанайлықтар «үйіндінің астында қаламыз ба» деп қорқады. Жаңа деген аты болмаса, жауын жауса көпқабатты үйдің жертөлесі суға толып қалады екен. Салдарынан іргетас сөгіле бастаған. Сапасыз салынған құрылыстың қабырғасы да қақырай бастапты.   

  • 29 Қазан 2015
  • 230
Фото - Caravan.kz

Жұпар Тәшенова тоғыз қабатты мына үйден пәтер алу үшін 9 жыл ақша жинапты. Биыл шілде айында қоныс тойын тойлаған оның қуанышы   ұзаққа бармай, су сепкендей басылды. Жаңбыр жауса, суға толатын жертөле кесірінен ала жаздай маса үзілмеген. Ақыры, үйдің баспалдақтары сықырлап, қабырғалары жарыла бастады.  

Сергей Тян, Қостанай қаласының тұрғыны:

-Қабырға қақырап барады. Бұл сылақ жарылып жатқаны. Түсқағаздың астынан көрінбеуі де мүмкін. Бірақ қабырғаның бәрі жарықшақ болып кеткен.

Жертөлеге жиналатын судың дені қоқыс төгетін құбырдың тесігінен ағады екен. Оған үйдің сыртына жауын суын жинайтын құбырдың дұрыс орнатылмауын қосыңыз. Атүсті жұмыс атқарған құрылыс фирмасы болса, енді тұрғындармен сөйлескісі жоқ. 

Шынар Төлебаева, Қостанай қаласының тұрғыны:

-Мен уже бардым  ПКСК мынаның, прорабы айтады «біз уже сдали»  ана  ПКСК, ++еще біз кеше шақырттық, полицияны балам шақыртты ол тоже көрді соткаға түсіріп алды. Сосын мен айттым болмаса мен акиматка барам, масқара ғой. 

Пәтер иелері кооперативіне үйді өз бетінше жөндеуге өрт сөндірушілер рұқсат бермепті. Ал мердігер компания «барлық жұмыс жобаға сай атқарылды» деп ат-тондарын ала қашты. Сапасыз үйдің құрылысы 900 миллион теңгеге түсіпті. 


Александр Гурьянов, мердігер компанияның бас инженері: /ауд/

Жоба мемлекеттік сараптамадан Астанада өтті. Елорадық мамандар оны  сауаттты жасағанымен, кейбір дүниелерді ескермепті. Мысалы подьездің кіре берісіне шатыр ойластырмаған.

140 пәтерлік бұл үйден баспана алу үшін тұрғындар оның жарты ақшасын жылдап жинады. Енді қалған қаржыны алты жылда өтеп болуы тиіс. Бірақ несие бітемін дегенше сапасыз салынған үй үйіндіге айналмай ма деп қорқады тұрғындар. 

Соңғы жаңалықтар