Қостанайда оқушыны қаққан жүргізушіге қатысты жаңа видео жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда оқушыны қаққан жүргізушіге қатысты жаңа  видео  жарияланды

Қостанайда оқушыны қаққан жүргізушіге қатысты жаңа видео жарияланды

Қостанайда көлік қаққан 13 жасар баланың өліміне қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Әлішер Саматовтың өмірінің соңғы сәті сол маңнан өтіп бара жатқан автобустың бейнетіркеуішіне түсіп қалған.

  • 31 Шiлде 2015
  • 298
Фото - Caravan.kz

Қатты жылдамдықпен келе жатқан қара Ауди автобустың алдынан бұрылыста шыр айналып өтеді. Сөйтіп, артқы бапмерімен жарнама баннерін сүріп өтіп, жаяу жүргіншілер жолағына енді аяқ басқан Әлішерді бетон қақпаға апарып жаншыған. Бала сол жерде тіл тартпай кетті. Ал 39 жастағы Вячеслав Девин оқиға орнына жеткен тәртіп сақшыларымен жаға жыртысқан. Тіпті полицейлердің бірінің мойнына пышақ тақап, тапанша талап етіпті. Қазір екі бірдей бап бойынша айыпталған мас жүргізуші темір торға тоғытылды.   

Соңғы жаңалықтар