Қостанайда пара алған жол полициясы қызметкері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда пара алған жол полициясы қызметкері ұсталды

Қостанайда пара алған жол полициясы қызметкері ұсталды

Қостанай қаласының №2 сотына «Қостанай облысы ішкі істер департаменті» ММ-нің жол патрульдік полиция батальонының қызметкері

  • 3 Тамыз 2015
  • 478
Фото - Caravan.kz


1992 жылы туған Д.-ға қатысты қылмыстық іс түсті. Ол пара алғаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметінен. 

Айыптау қорытындысына сәйкес, 2015 жылдың 26 маусымында Д. өзінің қызметтік міндеттерін атқарып, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау барысында жедел басқару орталығының операторынан «ВАЗ 21010» маркалы көлік жүргізушісі қауіпсіздік белбеуін тақпай келе жатқандығы туралы хабарлама алған. 
Ол аталған көлікті тоқтатады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға полицияның станционарлық кеңсесіне келген полиция қызметкері құқық бұзушыға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылмауы үшін 10 мың теңге керектігін айтады.
«Сол күні 10 мың теңге пара алған Д. сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызыметкерлерімен жүргізіліп жатқан тергеу шарасы барысында ұсталады. Осылайша, Д. ҚР ҚК-нің 366 бабының 2 бөлімімен қарастырылған қылмыстық істі жасады деп айыпталып отыр», делінген хабарламада.