Қостанайда қала әкімінің орынбасары парамен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда қала әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Қостанайда қала әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Миллард теңгелік тендерде мүдде қорғаймын деп қолға түсті. Қостанайда қала әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиев 13 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды.

  • 4 Тамыз 2015
  • 310
Фото - Caravan.kz

Араны ашылған шендіге ақша ұсынған жергілікті «СЫЛ» серіктестігінің басшысы Гагик Овнанян екен. Ол да қазір қамауда. Шенеунік Овнанянға құрылыс жұмыстарына деп жарияланған миллиард теңгенің тендерін ұтып беремін деп уәде етіпті. Бұл қомақты ақшаға шаһарда халыққа қызмет көрсететін арнайы орталық салынбақшы екен. Әкім орынбасарының миллиардтан қанша пайыз алмақ болғаны белгісіз. Тек алғашқы транш 13 миллион теңге деп белгіленіпті. Сыбайластар дәл осы ақшаның алыс берісі барысында қолға түскен. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, тендерге бөлінген қаржының жартысы параға жұмсалмақ болған екен. 45 жастағы Мақсұт Қалиевтің қызметке жайғасқанына екі жыл енді толатынын айта кетейік. 

Соңғы жаңалықтар