Қостанайда Қазақстан журналистері Конгрессі атқару комитетінің көшпелі отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда Қазақстан журналистері Конгрессі атқару комитетінің көшпелі отырысы өтуде

Қостанайда Қазақстан журналистері Конгрессі атқару комитетінің көшпелі отырысы өтуде

Бүгін, 8-қыркүйекте Қостанайда Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Қазақстан журналистері Конгрессі атқару комитетінің көшпелі отырысы өтуде. Облыстық ішкі саясат департаментінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, атқару комитетінің ұйымдастырушылық және ағымдағы жұмыстарға арналған алғашқы жұмыс күні жабық есік жағдайында өткізілуде.

  • 8 Қыркүйек 2003
  • 459
Фото - Caravan.kz

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстық басылымдар мен электрондық БАҚ-тардың редакторларының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс ертең, 9-қыркүйекте өтеді.

Д.Назарбаеваның Қостанай облысына екі күндік сапары аясында бірнеше облыстық БАҚ-тар жұмысымен танысу көзделген. Атап айтсақ, өкілдер «Қостанай жаңалықтары» аймақтық газет ұжымымен, мемлекеттік «Қостанай таңы» облыстық газетінің және «Алау» телерадиокомпаниясының өкілдерімен кездеседі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар