Қостанайда қымбаттық Lexus жүргізушісі зейнеткер қарияны ұрып-соққан - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда қымбаттық Lexus жүргізушісі зейнеткер қарияны ұрып-соққан

Қостанайда қымбаттық Lexus жүргізушісі зейнеткер қарияны ұрып-соққан

 

  • 1 Қараша 2019
  • 21
Фото - Caravan.kz

Қостанайда Lexus жүргізушісі егде жастағы ер адамды ұрып-соққан, — деп хабарлайды "Алау".

Оқиға 23 қазанда гараж массивінде болған. 69 жастағы Анатолий Шевцов гаражына жақын маңда тоқтап, артына жалғанған тіркемені ажыратпақ болған. Ер адам осылайша жолдың бір бөлігін жапқан. Осы кезде жол бойымен жол талғамайтын көлік келе жатқан. Зейнеткер жапондық көліктің жүргізушісіне жолдан шығып кетуіне көмектесіп, нұсқап тұрады. Сосын Lexus жүргізушісі көлігінен түсіп, зейнеткерге жақындайды. Бір кезде ол кенеттен егде жастағы ер адамға соққы жұмсайды. Анатолий жауап қайтармақшы болады, алайда есесіне тағы бірнеше соққы алады. Шабуылдаған ер адам оның мұрнын бұзып, тісін сындырған. Сосын көлігіне отырып, кетіп қалған. Анатолий полицияға шағымданған, әзірге шабуылдаған ер адамды таппаған.
 


 

Соңғы жаңалықтар