Жарияланды: 490

Қостанайда рапс зауыты іске қосылды

Қостанай. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайда рапс зауыты іске қосылды, онда жылына 32 мың тонна май мен 6 мың тонна тоң май өндіріледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кәсіпорын тәулігіне 100 тоннадай рапс өңдейді. Рапс тұқымын қабылдау, кептіру және өңдеу кешені 20 мың тонна көлемге есептелген. Зауыт рапс тұқымдарын шаруалардан сатып алады. Бір тоннасының бағасы - $400. Бүгінде кәсіпорын 8 мың тонна тұқым қорын жасады. Жобаның жалпы құны - 1,5 млрд теңге. Жоба Қазақстандық инвестордың қаржысына жүзеге асырылуда. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін