Қостанайда судья пара алып жатқан кезінде ұсталды - Жоғарғы сот - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда судья пара алып жатқан кезінде ұсталды - Жоғарғы сот

Қостанайда судья пара алып жатқан кезінде ұсталды - Жоғарғы сот

Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінде ұсталды.

  • 18 Тамыз 2022
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай облыстық сотының судьясы пара алып жатқан кезінде ұсталды", — делінген хабарламада.

Бұл қаражат соттың мүдделі тарап пайдасына оң шешім шығаруы үшін арналғаны айтылған. Жоғарғы Сот мәліметінше, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.


 
ҰҚК Тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 366-бабы ("Пара алу") 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.