Қостанайда сүт өнімдері қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда сүт өнімдері қымбаттады

Қостанайда сүт өнімдері қымбаттады

Қостанайда сүт өнімдерін өндіретін «ДЕП» ЖШС қарашаның бірінен бастап бағаны өсірді.

  • 8 Қараша 2012
  • 464
Фото - Caravan.kz

Компанияның хабарлауынша, қант қосып қойытылған сүт пен балмұздақтан басқа өнімнің бәрі қымбаттаған. Мұның себебін олар қыста сүт мөлшерінің азаюына байланысты шикізат бағасының қымбаттауымен түсіндіріп отыр.

Атап айтсақ, майлылығы 2,5 пайыздық сүттің 1 литрі бұрынғы 116 теңгенің орнына 137 теңгеге, майлылығы 15 пайыздық қаймақтың 180 грамы бұрынғы 135 теңгенің орнына 159 теңгеге, ал 2,5 пайыздық жарты литр айран бұрынғы 90 теңгенің орнына 106 теңгеге қымбаттаған.
«Бұл өндіруші зауыт белгілеген баға. Бірақ, әр дүкен оның үстіне тағы 5-15% қосып сататынын ескерткіміз келеді», — дейді мамандар.

Соңғы жаңалықтар