Caravan Logo

Қостанайда суық су мен электр қуатына жаңа баға бекітілді

Қостанайда суық су мен электр қуатына жаңа баға бекітілді

Суық су мен канализациялық төлемдер тарифі 6 процентке қымбаттағалы отыр. "Қостанай Су" ҚКК-ның бағаны қымбаттату туралы өтініші жартылай қанағаттандырылған. Монополистердің пайымдауынша, баға шамамен 50 процентке қымбаттатылуы тиіс. Бірақ, Қостанайда 2003-жылдың 1-қазынанда да суық су бағасы 9 процентке өсірілген. Сөйтіп, жарты жылда сумен қамтамасыз етушілер қызмет құнын 15 процентке өсірді.

Ал электр қуатының бағасы 1-сәуірден бастап 9,8 процентке өседі. Бұдан былай Қостанайлықтар 1 киловатт электр қуаты үшін 5,55 теңге төлейтін болады. Баға қымбаттау шарасы Руднай, Ливаковск, Жетіқара қалалары мен облыстың бірнеше аудандарында да жүзеге асырылды. Аталмыш қалалар мен аудандарда электр қуатының бағасы орта есеппен 6 процентке қымбаттады.