Қостанайда суыққа төзімді Уссурия алмұрты, Пенсильвания мойылы отырғызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда суыққа төзімді Уссурия алмұрты, Пенсильвания мойылы отырғызылды

Қостанайда суыққа төзімді Уссурия алмұрты, Пенсильвания мойылы отырғызылды

Қостанайда дәстүрлі қарағай мен үйеңкінің орнына экзотикалық ағаштар отырғызылды.

  • 16 Қараша 2012
  • 633
Фото - Caravan.kz

Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің хабарлауынша, Қостанай көшелері мен скверлерге, қаланың кіреберісі мен шығар жолдарға 700-ге жуық ағаш отырғызылған. Олардың арасында Уссурия алмұрты, Пенсильвания мойылы, шетен, сібір алмасы, қызыл бүрген мен сібір шыршасы бар.

«Қаланың көгалдандырумен айналысатын мамандар ағаштың суыққа төзімді түрлерін әдейі таңдап алып отыр», — делінген хабарламада.
Әкімдік мамандары келесі көктемде бұл ағаштар Қостанай қаласын ажарландыра түседі деп үміттенеді.
«Мысалы, Уссурия алмұрты өте сұлу ағаш: көктемде ол ірі-ірі әппақ гүлімен көз тартады, жазда жапырақтары шатыр сияқты дөңгеленіп тұрады. Ал, күзде жапырақтары шымқай қызыл түске боялады», — дейді әкімдік өкілі.

Соңғы жаңалықтар