Қостанайда телефон терроризмімен айналысты деген күдікпен 65 жастағы зейнеткер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда телефон терроризмімен айналысты деген күдікпен 65 жастағы зейнеткер ұсталды

Қостанайда телефон терроризмімен айналысты деген күдікпен 65 жастағы зейнеткер ұсталды

Қостанайда телефон терроризмімен айналысты деген күдікпен 65 жастағы зейнеткер ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Қаңтар 2004
  • 365
Фото - Caravan.kz

Полицияның ақпаратына сәйкес, Қостанай қаласының апаттан қорғау қызметіне телефон қоңырауын шалған әлдебіреу «Юнона» кафесіне жарылғыш зат қойылғандығын хабарлайды. Саперлік жұмыстарды жүзеге асыру үшін кафеге келушілерді эвакуациялауға мәжбүр болған полиция қызметкерлері бірақ жарылғыш затты таба алмады.

Оқиғаның мән-жайын анықтаған Қостанай қалалық ІІБ-ның жедел тобы телефон террорисін ұстады. Сөйтсе, жалған ақпарат беріп жұртты дүрліктіріп жүрген 1939-жылғы қарт зейнеткер болып шықты. Тергеу шараларын жүзеге асыру үшін зейнеткерден қаладан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Сондай-ақ, осындай тағы бір телефон террорисі Маңғыстау облысында ұсталды. Полицияның хабарлауынша, Маңғышлақ бекетіне қоңырау шалған біреу онда жарылғыш зат құрылғанын жеткізген. Полиция қызметкерлері оны іздестіру үшін бекет ғимаратынан 60 адамды басқа жаққа көшірді. Баққа қарай жарылғаш зат табылған жоқ.
Полиция телефон қоңырауын шалған осы бекеттің 44 жастағы тұрғыны, «Нұр» ПИК-інің бас есепшісі екенін анықтады. Қазір күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар