Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Бүгін саған 17.30 шамасында облыс орталығындағы «Астам» мейрамханасынан өрт шықты. Өрт туралы облыстық ТЖД қызметіне мейрамхана күзетшілері хабар берген. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ғимарат ішіндегі адамдардың көбі оқшау жерге шығарылды. Олардың көбі — балалар.
Белгілі болғандай, бүгін сағат 18:00-де мейрамханада үйлену тойы басталуы керек-тін. Алайда, жас жұбайлар «Астамға» өрт сөндірушілермен қатар келді.
Облыстық ТЖД қызметі бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған. Қазіргі уақытта ғимарат аумағында 6 өрт сөндіру техникасы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.