Қостанайда туған бойжеткен «Германия аруы» атағын жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда туған бойжеткен «Германия аруы» атағын жеңіп алды

Қостанайда туған бойжеткен «Германия аруы» атағын жеңіп алды

Қостанай қаласында туып өскен Елена Шмидт "Германия аруы-2013" байқауының бас жүлдесін иемденді.

  • 24 Маусым 2013
  • 469
Фото - Caravan.kz


Бұл жайында Tengrinews.kz хабарлайды.

 Байқаудың жеңімпазына 20 мың еуро тұратын жарнамалық контракт табыс етілді. Енді жерлесіміз Германия атынан "Еуропа аруы-2013" және "Әлем аруы-2013" халықаралық байқауларында сынға түспек.

Елена Шмидтің жастық шағы Қостанай өңірінде өтті. Қазір бірнеше жылдан бері Германияда тұрып жатыр. 2003 жылы "Қостанай аруы" атанған ол 2005 жылы Miss Model of Kazakhstan байқауында топ жарды.

Елена Алматыдағы "Мирас" мектебінде білім алған. Сұлулығы ақылына сай. Мектеп жылдарында химия және математика пәндерінен ірі олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атанған. Кейін ол әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне түсіп, екі жылдан кейін Германияға көшіп кетті. Майндағы Франкфурт қаласындағы колледжді үздік тәмамдап, неміс университеттерінің бірінде қазір алған білімін жетілдіріп жатыр, деп жазады Baq.kz.

Перейти к новостям спорта