Театр қала орталығындағы Первоцелинник алаңында орналаспақ. Қазір Ілияс Омаров атындағы театр труппасы театрдың қажеттілігі үшін бейімделген бұрынғы «Юность» Мәдениет сарайының ғимаратында орналасып отыр. Дегенмен, қаланың орталық магистральдарынан алыстығы және қазіргі заманғы техникалық талаптарға сай бола алмау жаңа ғимараттың құрылысы туралы мәселені көкейкестілердің қатарында ұстап отырды.
Құрылыс алаңында болып қайтқан облыс әкімі Сергей Кулагиннің айтуынша, аталмыш нысанды салуға шамамен 1,9 млрд. теңге жұмсалып отыр. Жаңа театрдың ғимараты төрт қабаттан құралып, оның ішінде қазіргі заман талаптарына сай құралдар орнатылып, әртістердің жақсы жұмыс жасауына барлық жағдайлар жасалады.
Айта кету керек, биылғы жылы Қостанайдың облыстық орыст драма және қуыршақ театры да күрделі жөндеуден өткізілді. Оның ғимараты өзінің көлемі жағынан үлкейе түсіп, оны қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі де шешіледі. Бұл мақсаттарға 800 миллион теңге жұмсалмақ.