Қостанайда жеке кәсіпкерлік субьектісінің 79 жобасы мақұлданды - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда жеке кәсіпкерлік субьектісінің 79 жобасы мақұлданды

Қостанайда жеке кәсіпкерлік субьектісінің 79 жобасы мақұлданды

Ағымдағы жылы Қостанай облысында «БЖК 2020» бағдарламасын іске асыру аясында өңірлік үйлестіру кеңесімен 79 жоба мақұлданды.

  • 5 Қараша 2012
  • 314
Фото - Caravan.kz

«Даму» қоры» өңірлік бөлімшесінен хабарланғандай, бағдарламаның аясында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын қаржы жүктемесін төмендетті.

Бүгінгі күні жобаларды субсидиялау бойынша «Ресейдің Жинақбанкі» АҚ қостанайлық филиалы 13 жобамен көш бастап келеді. АТФ-Банктің жергілікті құрылымы 12 жобаны, БТА Банк 9 жобаны мақұлдап, қаржыландырды. Қазақстанның Халық банкі мен Еуразиялық банк 8 жобаны қаржыландырды.

«Даму» қостанайлық қорының қаржылай емес қолдау бойынша бас менеджері Динара Орымбаеваның сөзіне қарағанда, «егерде 2011 жылы Қостанай облысында 29 жоба мақұлданса, 2012 жылы 9 айда олардың саны 79-ға жеткен».

Соңғы жаңалықтар