Қостанайда жүкті болса да арақ ішкен әйел құрбысын пышақтап өлтіре жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда жүкті болса да арақ ішкен әйел құрбысын пышақтап өлтіре жаздады

Қостанайда жүкті болса да арақ ішкен әйел құрбысын пышақтап өлтіре жаздады

Қостанайда мас болған жүкті әйел құрбысын пышақтап өлтіре жаздады. Әйелдер арасындағы қақтығыс 9 маусымда жеке үйдің ауласында болды.

  • 15 Тамыз 2018
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы “Наша газета”басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.

Со күні бес келіншек алма ағашының көлеңкесінде отырып, шарап ішуді жоспарлаған. Жүктіліктің алты айлығында болған күдікті де алкогольдан бас тартпады. Аяғы ауыр келіншек ішімдікке бас болып қалғанда дау-жанжал шығарып, құрбыларымен ұсыра бастаған.

Арты оқыс жағдайға ұласқан қақтығыста жәбірленуші кеудесінен, іші мен аяғынан пышақ жарақатын алды.

Жәбірленушінің сөзіне қарасақ, ол қақтығыстың неден туғанын ұмытып отыр. Ол тек күдіктінің алғаш болып бірнеше рет бетінен ұрғанын, сосын пышақ ала жүгіргенін ғана есіне түсірді.


Әйелдің айтуынша, ол айыпталушымен шамамен үш жылдай арасып келген және бұған дейін араларында ешқандай дау-дамай болмаған.